Таңдаулыларды қадамдастыру
Компьютерде Ovi карталар веб-торабы арқылы сапарыңызды жоспарлап,
сақталған жерлер мен бағдарларды ұялы телефонмен қадамдастырыңыз да,
жоспарға жолда келе жатып кіріңіз.
Таңдаулы жерлерді және бағдарларды ұялы телефон мен Ovi карталар
Интернет қызметі арасында қадамдастыру үшін, Nokia есептік жазбасына кіру
керек.
Сақталған жерлерді және бағдарларды қадамдастыру
Избранное
>
Синхронизация с Ovi
тармағын таңдаңыз. Nokia есептік
жазбаңыз болмаған жағдайда, оны жасау ұсынысы беріледі.
Құрылғыны Карталар қолданбасын ашқанда немесе жапқанда, Таңдаулылар
автоматты түрде қадамдастырылатын күйге орнатуға болады.
Таңдаулыларды автоматты түрде қадамдастыру
>
Синхронизация
>
Синхронизация
>
При запуске и выходе
тармағын
таңдаңыз.
Қадамдастыру үшін Интернет байланысы іске қосылған болуы керек және
қызмет провайдерінің желісі арқылы деректердің үлкен көлемі тасымалдануы
мүмкін. Деректерді тасымалдау ақысы туралы ақпаратты қызмет
провайдерінен алыңыз.
Ovi карталар Интернет қызметін пайдалану үшін, www.ovi.com веб-торабына
өтіңіз.