
GPS желісі туралы ақпарат
Ғаламдық Орналасқан жерді табу жүйесі (GPS) оның дәлдігі мен жүзеге асуын
қамтамасыз етуде жауапты болып табылатын Америка Құрама Штаттары
үкіметімен басқарылады. Орналасқан жерді табу деректерінің нақтылығына
Америка Құрама Штаттары үкіметі орындайтын және Америка Құрама
Штаттарының азаматтық қорғаныс Департаментімен GPS саясатына және
Федералдық Радионавигациялық Жоспарға сәйкес өзгертілуі мүмкін GPS
жерсеріктерінің дұрыс орналаспауы дәлдікке әсер етуі мүмкін. Сонымен
қатар, дәлдігіне жерсерігі орбитасы геометриясының ақаулықтары да әсер
етуі мүмкін. GPS сигналдарының қолжетімділігі мен сапасына сіздің орналасу
орныңыз, ғимараттар, табиғат ортасы және ауа райы да әсер етуі мүмкін. GPS
сигналдары ғимараттардың ішінде немесе жердің астында қатынаулы
болмауы мүмкін және бетон және металл сияқты материалдардан әлсіреуі
мүмкін.
GPS құрылғысы нақты орналасқан жерді анықтау үшін пайдаланылмайды,
орынды анықтау немесе навигация үшін тек GPS қабылдағышынан және
ұялы радио желілерден алынған деректерге ешқашан сенбеу керек.
Сапар өлшеуішінің дәлдік шектері бар және дөңгелектеу кезінде қателіктер
туындауы мүмкін. Сонымен қатар, дәлдікке GPS сигналдарының
қолжетімділігі мен сапасы да әсер етуі мүмкін.
GPS жүйесіндегі координаттар халықаралық WGS-84 координаттар жүйесін
пайдаланып көрсетіледі. Координаттардың қол жетімділігі аймақ бойынша
өзгешеленуі мүмкін.
Орналасқан жерді анықтау (GPS) 107