Nokia X6 00 - Сенсорлы экран әрекеттері

background image

Сенсорлы экран әрекеттері

Түрту және қос түрту

Сенсорлы экранда қолданба немесе басқа элементті ашу үшін, әдетте оны

саусақпен түртеміз. Алайда, төмендегі элементтерді ашу үшін, оларды екі рет

түрту керек.

Хабарлар ішіндегі папка тізімінің Жобалар папкасы сияқты элементтерді

қолданбада тізу

Кеңес: Тізім көрінісін ашқанда, алғашқы элемент белгіленіп тұрады.

Белгіленген элементті бір рет түртіп ашыңыз.

Тізім көрінісі түрін пайдаланғанда мәзірдегі қолданбалар мен папкалар

Файл тізіміндегі файлдар, мысалы, Галерея папкасының кескіндер мен

бейнелер көрінісіндегі кескін
Файлды немесе соған ұқсас элементті бір рет түртсе, ол ашылмай, тек

белгіленеді. Элементпен пайдалануға болатын опцияларды көру үшін,

Функции

параметрін немесе, бар болса, құралдар тақтасынан белгішені

таңдаңыз.

Таңдау

Осы пайдаланушы құжаттамасында қолданбаларды немесе элементтерді бір

немесе екі рет түртіп ашу «таңдау» деп аталады. Бірнеше элементті бірізді

түрде таңдау керек болса, таңдалатын дисплей мәтіндері көрсеткілермен

бөлінеді.

Мысал:

Функции

>

Справка

тармағын таңдау үшін, алдымен

Функции

параметрін, одан кейін

Справка

параметрін түртіңіз.

Пайдалануды бастау

21

background image

Сүйреу

Сүйреу үшін, саусақты экранға қойып, экранның бетімен сырғытыңыз.

Мысал: Веб-бетте жоғары немесе төмен жылжу үшін, бетті саусақпен

сүйреңіз.

Жүргізу

Жүргізу үшін, саусақты экранның бетімен солға немесе оңға жүргізіңіз.

Мысал: Кескін көріп жатқанда, алдыңғы немесе келесі кескінге өту үшін,

кескінді тиісінше солға немесе оңға жүргізіңіз.
Кеңес: Сенсорлы экран құлыптаулы тұрғанда қоңырауға жауап беру үшін

немесе сағат немесе күнтізбе сигналын өшіру үшін, саусақты экран бетімен

жүргізіңіз. Көрнекі нұсқауларды орындаңыз.

Жылжу

Жылжу жолағы бар тізімдерде жоғары немесе төмен жылжу үшін, жылжу

жолағының сырғытпасын сүйреңіз.

22

Пайдалануды бастау

background image

Ұзын тізімдерде жылжу үшін, тізімді жүргізіңіз. Неғұрлым жылдам жүргізсеңіз,

тізім соғұрлым жылдам жылжиды. Жоғары жүргізсеңіз, тізім қозғалысын

жалғастырып, төмен жылжиды.
Айналып тұрған тізімнен элементті таңдау және қозғалысты тоқтату үшін,

элементті түртіңіз.

Кеңес: Белгішенің қысқа сипаттамасын көру үшін, саусақты белгішенің үстіне

қойыңыз. Сипаттама барлық белгішелерге берілмейді.

Сенсорлы экранның жарығы

Сенсорлы экранның жарығы біршама әрекетсіздіктен кейін сөнеді.
Экранның жарығын қосу үшін, экранды түртіңіз.

Сенсорлы экран мен пернелер құлыптаулы болса, экранды түрту экранның

жарығын қоспайды. Сенсорлы экран мен пернелердің құлпын ашу үшін, бекіту

қосқышын сырғытыңыз.