SIM картасы мен батареяны салу
SIM картасын салу
Маңызды: SIM-картаға зиян келтірудің алдын алу үшін, әрқашан
картаны салудан немесе алудан бұрын батареяны алыңыз.
Маңызды: Бұл құрылғыда mini-UICC SIM картасын (micro-SI картасы
деп те аталады), адаптер салынған micro-SIM картасын немесе mini-UICC
ұясы бар (суретті қараңыз) SIM картасын пайдаланбаңыз. Шағын SIM картасы
қалыпты SIM картасынан кішірек болады. Бұл құрылғы шағын SIM
картасының пайдаланылуына қолдау көрсетпейді, ал үйлеспейтін SIM
картасын қолдану картаны немесе құрылғыны зақымдап, онда сақталған
деректерге нұқсан келтіруі мүмкін.
1 Артқы қабын шешіп алыңыз.
2 Салынған болса, батареяны алып тастаңыз.
Батареяны шешіп аларда әрқашан құрылғыны өшіріп, зарядтағышты
ажыратыңыз.
12
Пайдалануды бастау
3 SIM картасы ұясының қақпағын ашыңыз.
4 SIM картасын ұясына салыңыз. Картаның қиғаш ұшы жоғары қарап
тұрағына және жанасу аймағы құрылғының қосқыштарына қарап
тұрғанына сенімді болыңыз. Картаны ішке қарай итеріңіз.
5 SIM картасы ұясының қақпағын жабыңыз. Қақпақ дұрыс жабылғанына көз
жеткізіңіз.
Пайдалануды бастау
13
SIM картасы орнына дұрыс салынбаса, құрылғыны тек желіден тыс
профильде ғана қолдануға болады.
Батареяны салу
1 Батареяны салу.
2 Қақпақты орнына салу үшін, жоғарғы ілмектерді ұяларына қарай
бағыттаңыз. Бірінші қақпақты ортасынан басып, ортаңғы ілмектерді
орындарына түсіріңіз. Ортаңғы ілмектер орындарына түскен соң,
қақпақты құрылғының астыңғы жағынан басыңыз.
қараңыз ” SIM картасын алыңыз” б. 39.
14
Пайдалануды бастау